Түркістан облысында ер адам 6 жасар ұлын балталап өлтірген: Әйелі күйеуін жазаға тартпауды сұрады
Түркістан облысында 48 жастағы ер адам 6 жасар ұлын балталап өлтірген. Жаға ұстатарлық оқиға 4 наурызда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Анықталғандай, әкесі ұлын үйінің маңындағы орманға ағаш жинау үшін алып барған.
"Айналада ешкімнің жоқ екенін пайдаланған ол ұлын бір рет балтамен ұрған. Кейн ағаштардың жанына алып барып, балтаның өктір жағымен желке тұсынан бірнеше рет ұрған", – делінген Түркістан облыстық сотының хабарламасында.
Полицейлер баланың өлімі жайлы аудандық аурухана қызметкерлерінен білген. Қылмыс іс маусымның соңында сотқа жіберілген.
"Сотта әкесі өз кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтты. Ал әйелі күйеуін жазаға тартпауды сұрады, себебі төрт баласы өсіп келе жатыр", – деп қосты баспасөз қызметінің өкілдері.
Ер адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді