Түркістан облысында үй өртеніп, екі кішкентай бала көз жұмды
Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 2007 және 2009 жылдары туған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Өрттің салдарынан ауданы 60 шаршы метр болатын бірінші қабаттың жабыны опырылып түскен.
"Оқиға орнынан 2007 және 2009 жылдары туған екі баланың мәйіті табылды", - деп хабарланды Түркістан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”