Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған (видео)
Видеодан скрин
Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Сарыағаш ауданына белгісіз біреулердің көліпен 12 жастағы қызды қуғаны айтылған видео тарады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде 12 жастағы қызға белгісіз ер адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Мектеп оқушысы бас тартқаннан кейін олар қыздың артынан жүре бастаған.
Оқиғаға бей-жай қарамаған ауыл тұрғындары араласқаннан ер адамдар қызды аңдуларын тоқтатқан. Оқиғаның видеосы көп ұзамай ауыл чаттарында таралып, тұрғындардың алаңдауына себеп болды.
Күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған