Түркістан облысында әйел әріптесінің телефонын сұрап, оның атынан несие рәсімдеген
Түркістан облысының полицейлері әріптесінің атынан миллион теңге несие рәсімдеген жас әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.
Алаяқтың құрбаны болғаны әйел полицияға шағым түсірді. Ол ұялы телефонына қарызды төлеу туралы банк хабарламасы келгенін, алайда өзінің несие алмағанын мәлімдеді.
Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Созақ ауданында тұратын зардап шегушінің қызметтесі болып шықты.
Алаяқ әріптесінің телефонын сұрап, банк қосымшасы арқылы несие рәсімдеген. Қаражатты өзіне аударып, қажетіне жұмсаған.
Күдікті ұсталды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады