Түркістан облысында әйел өз балаларын үйге қамап, өртемекші болған
Түркістан облысында 4 баланың анасы өз үйінен заттарын шығарып, өртеймін деп қорқытқан. Сол кезде оның балалары үйдің ішінде болған. Әйел бұндай әрекетке кедейшіліктің кесірінен барғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnk Қазақстанға сілтеме жасап.

Видеода балалардың жылаған дауысы естіледі. Әйелдің өзінің бұл әрекетін кедейшілік пен адамдардың қысымының салдарынан деп түсіндірді.
Түркістан облысының полиция департаментінің айтуынша видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін әйел мен балалардың жағдайын білу үшін Жетісай ауданының прокуратурасының қызметкерлері оған барған.
Тексеру барысында оқиғаның ағымдағы жылдың 28 наурызында болғаны анықталды. Балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт дереу сөндіріліп, полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отбасын құзырлы органдар бақылауға алған.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік