Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында аптап ыстықтан асфальт көтеріліп, жарылып кетті

"ҚазАвтоЖол" компаниясының Ресей шекарасы (Самара) – Шымкент тас жолының учаскесінде аптан ыстықтың салдарынан бетон плиталар жарылып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: "ҚазАвтоЖол" компаниясы

Түркістан облысында 27 маусым күні сағат 19:30 шамасында ауа температурасының нормадан тыс (+45 - +50 градус) болуына байланысты М-32 "РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент" Түркістан қаласы бағытындағы республикалық тас жолының 2155-ші шақырымында цемент-бетон плиталары көтеріліп, жарылған. 

"Жолдың бұзылған бөлігінде ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 4 бірлік техника мен 10 адам жұмылдырылған", – деді баспасөз қызметі.

Фото: "ҚазАвтоЖол" компаниясы



Еске салайық, бұған дейін көлік министрлігі Қазақстанда 1 шақырым асфальт төсеу қанша тұратынын айтқаны туралы жаздық. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, 1 шақырым жолдың құны жөндеу түріне, ауа райы жағдайына және қолданылатын материалдарға байланысты. Ал вице-министр Сәтжан Әблалиев 1 шақырым жолдың құнына кеңінен тоқталып, 1 шақырым жолды орташа жөндеумен 120-150 миллион теңгеге дейін кететінін айтты.

Талқылау