Түркістан облысында 27 млн теңге төленбеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Түркістан облысында жүргізушінің жол ережесін бұзғаны үшін 27 миллион теңге көлеміндегі өтелмеген айыппұлы бары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Жүргізушінің жеке басы анықталып, көлік айыпұл тұрағына жеткізілді.
Түркістан облысы бойынша патрульдік полиция қызметкерлері үлкен көлемде өтелмеген айыппұлы бар 47 жастағы көлік жүргізушісі туралы хабарлама алған.
"27 миллион теңге айыппұлы бар Toyota Camry 55 автокөлігінің иесі Түркістан қаласының тұрғыны екені анықталды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қарыз және әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу керектігін түсіндірді", – делінген полиция хабарламасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар