Түркістан облысында 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды
Түркістан облысы Сарыағаш қаласының тұрғыны үшемді өмірге әкелді.

"Сарыағаштық 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды. Дербісек ауылының тұрғыны Еркінай Есенбаева тұңғышын 18 жасында босанған. Бұған дейін 1 ұл, 2 қызы бар отбасыға тағы Ақжан, Маржан, Бақжан есімді нәрестелер қосылды. Қазақтар көбейе берсін", -деп жазды журналист Төребек Төрегелдіұлы желідегі парақшасында.
Көпшілік бауы берік болсын айтып, құттықтап жатыр.
"Қандай қуаныш! Керемет! Аман, бақытты болып өссін періштелер! Шын жүрегіммен қуанып отырмын", "Қазағымның саны арта берсін!", "Сол балаларының қызығын көрсін!", - деп жазды желі қолданушылары.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда