Аптап ыстықта көлікте ұйықтап қалған 4 жасар бала көз жұмды
Түркияда аптап ыстықта көлік ішінде 4 жасар бала ұйықтап қалып, артынша есін жимай, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberler.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Мазыдагы ауылының Экинжилер ауданында болды. Есінен танып қалған 4 жасар Мұхаммед Арас Темел ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Мұхаммед әкесінің есігі ашық тұрған көлігіне мініп, көп ұзамай ұйықтап кеткен. Бала күн астында тұрған көлікте ұзақ уақыт жатқан екен. Кейін отбасы оны байқап, Мазыдагы мемлекеттік ауруханасына апарды.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, бала тірі қалмады. Бозбаланың денесі құрысып қалыпты.
Мұхаммед Арас Темелдің денесі сот-медициналық сараптама үшін аурухана мәйітханасына жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Еске салсақ, Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам көз жұмған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар