Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан президенті Арменияның Қарабақ үшін соғыстағы "қуыршақ режимдері" туралы айтты

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттерінің саммитінде Әзірбайжан президенті Қарабақ үшін Арменияға қарсы соғыс туралы баяндап, түркі елдеріне қорғаныс қауіпсіздігін күшейту керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: aqorda_resmi 

Әзірбайжан президенті әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар мен соғыс өршіп тұрғанын атап өтті. 

"Сондықтан әр елдің қорғаныс мүмкіндіктері олардың қауіпсіздігінің негізгі кепілі болмақ. Менің пайымымша, мүше мемлекеттер қорғаныс қауіпсіздігін сақтап, өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастығы нығайта түсуі керек", – деді Илхам Әлиев.

Ильхам Әлиев Армения мен Әзербайжан арасындағы Қарабақ қақтығысының ұзаққа созылғанын мысалға алды. Оның айтуынша, Армения Әзербайжанның аумағын 30 жыл бойы оккупациялап келген.

Сондай-ақ Әлиев Қарабақ жерінде заңсыз қуыршақ режимін орнатып, этникалық тазарту жүргізді деп баға берді. Осының нәтижесінде миллионнан астам Әзірбайжан халқы бабалар елінен қуылды дейді.  

“Армения біздің қалаларымыз бен ауылдарымызды жермен жексен қылып мәдени, діни ескерткіштерімізді бұзды. Әзербайжан бұл қақтығысты жылдар бойы бейбіт жолмен шешуге шақырып келді. Алайда Армения осы жағдайды сақтап қалғысы келді", – деді Әзірбайжан президенті Әлиев.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта әскери операция бастады. Қақтығыс 3 күнге жуық уақытқа созылып, нәтижесінде екі тарап келісімге келді. Ал негізгі талаптардың бірі – армян құрылымын қарусыздандыру. Әлиев барлық елді мекенді бақылауға алып, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының 2024 жылы 1 қаңтарда жойылатынын мәлімдеді. 

Талқылау