AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түріктерді мақтаған Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшілігін айтты

Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшіліктері мен жағымсыз мінезі туралы айтты. Бұған дейін Түрік еліне сапар шеккен Қарақат пен Қыдырәлі Болманов түрік халқының халқының мінезін айтып, мақтауын асырған еді. 

Қыдырәлі Қарақат

Әнші дана Абайдың сөздерінен мысал келтіріп, қазақ халқының болмысын сипаттап берді.

“Қазақтың бір-біріне қаскүнем болмағынының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәм ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ – мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; Әрбір арсыз жалқаудан – сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Абайдың 3 – қара сөзі. Есіме еріксіз түсті бүгін. Ашып қарадым. Осы тұсын түртіп алдым. Ұлы Абай қарасөздерді 150 жыл бұрын жазды. Бірақ әлі де актуалды ! Бұл – қуанатын жағдай ма әлде қайғыратын жағдай ма?! – деп жазды әнші. 

Бұған дейін Түрік еліне сапар шеккен Қарақат пен Қыдырәлі Болманов түрік халқының мінезін айтып мақтауын асырған еді. Ерлі-зайыпты түріктердің қарапайым, адал әрі жайдары екенін айтты. Бұны мәдениеттіліктің жоғары сатысы деп бағалады. 

"Түркияда бәрі күліп жүреді. Ешкім ренжімейді. Ешкім жаман сөз айтпайды. Базарда әмияның түсіп қалса, артыңнан қуып жүріп әкеп береді. Таксиде затың қалса, таксист іздеп тауып қайтарады. Бәрі бір-біріне бауыр-дос. Бұл асқан мәдениеттіліктің көрінісі", - деді олар.


Талқылау
Пікір
Куляш
26 Мам, 21 жыл - 13:22

Қарақат деген кім өзі? Қыдырәлі деген соның байы ма? Олардың қандай құқығы бар жалпы қазаққа баға беретін,  "Ер азамат туған жерін мақтан етеді, ит тойған жерін" деген дана қазағым.  Халықтың ақшасына тойынып өздері белін ауыртып еңбекпен ақша тапқандай ғой. Не тындырып қойған екен? Түкіргеніміз бар ондай білгіштерге. Сол түрік елінде қала берсін жақсы болса. Екіжүзділер.  

Жайна
26 Мам, 21 жыл - 09:00

Сіздер айтып отырған түріктің мінезі, қасиеті емес,Мұсылманға тән мінез. Қазақстанда ондай адам жоқ деп кім айтады?!Мұсылмандар Қазақстанда аз сол үшін байқалмайды. 

Усен
25 Мам, 21 жыл - 21:44

Қазақты жамандағанның өзі жаман. Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын, қазақша сөйлегеніме қуанамын, жаным ашиды ана тілін білмеген қазаққа, жүрегім ауырады қазақ тілін жек көрген қазақты көргенімде. Түсінбеймін Қарақаттай мен қазақпын деп тұрып қазақ жаман деген қазақты

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр