Қылмыстық топ түрмеде отырып, қазақстандықтарды алдаған: Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше аймақта арнайы операция жүргізді
31 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында және аймақтарында бір уақытта ауқымды арнайы операция жүргізілді. Бұл операция қылмыстық топтың басшыларын анықтауға бағытталды. Топ деструктивті діни ағымдардың жақтастарынан және олардың қылмыстық әлеммен байланысы бар адамдардан құрылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің дерегінше, қылмыстық топ Алматы облысындағы түзету мекемелерінің бірінде "колл-орталық" ұйымдастырған. Интернет арқылы автокөлік және басқа да тауарларды тасымалдауға мұқтаж азаматтарды алдап, жалған келісімшарттар жасасқан. Қылмыстық схема арқылы олар адамдардың мүлкін қолына алып, оны тасымалдау сылтауымен жымқырған. Топтың ішінде автоұрылар, кассирлер, делдалдар сияқты нақты рөлдер мен міндеттер бөлінген.
"Ұрланған автокөліктердің VIN-кодтарын өзгерткен. Оларды Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып немесе жалған құжаттар арқылы ел ішінде сатылымға шығарған. Ал мүліктер арнайы қылмыстық байланыстар арқылы қолда бар сату арналары арқылы таратылған. Қылмыстық топтағы "кассир" деп аталатын мүше банктегі екінші деңгейлі шоттарға тұрақты түрде ақша аударып, астыртын жұмыс істеген. Қылмыстық жолмен тапқан қаржыны тек жеке қажеттіліктерге ғана емес, қылмыстық схеманы кеңейтуге және букмекерлік кеңселерге бәс тігуге жұмсаған", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Комиттетің алдын ала тексеру кезеңінде қылмыстық топ мүшелерінің бірнеше ұрлыққа қатысы бар екені анықталып, 9 өңірде топтың көмекшілері тіркелген.
"Сонымен қатар Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция департаменттерінде ұқсас тәсілдермен жасалған ұрлық фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс өндірісте болғаны анықталды. Комитет ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ведомстволық тергеу-оперативті топ құрылды. Прокуратура органдарының мүмкіндіктері қосылды. Үш ведомствоның күш-жігерімен 24 ұрлық эпизодының жасалуына қатысы бар тұлғалар анықталды. Олардың әрекеттерінің азаматтарға келтірген зияны 2 миллиард теңгеден асады", – деп мәлімдеді ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Жүргізілген тергеу-оперативті шаралардың нәтижесінде сенімді дәлелдер жинақталып, елдің әр өңірінен 50-ден астам адам қатысқан қылмыстық схеманың барлық мән-жайы анықталды.
"Қылмыстық кірістерді орындаушыдан ұйымдастырушыға дейінгі бүкіл процесін бақылау мүмкін болды. Топтың қылмыстық қызметін тоқтату үшін егжей-тегжейлі операция жоспары жасалып, бейбіт азаматтарға қауіп төндірмеуге тырыстық. 27 топ құрылды. Жоспарланған іс-шаралардың ауқымдылығын және тартылған күш пен құралдарды ескерелді. Осылайша операция өткізілетін жерлерге әуе көлігімен көшу жүзеге асырылды", – деп жалғастырды комитет.
2024 жылдың 18 қыркүйегінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі мен прокуратураның бірлескен әрекеттерімен арнайы операция өткізілді, оған арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
"Операция нәтижесінде екі жетекші мен ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 белсенді мүшесі ұсталды. 38 қылмыстық байланыс тергеуге жеткізілді. 40 тінту жүргізіліп, көптеген банктік карталар, ақша қаражаттары, діни әдебиеттер және тергеу үшін қызығушылық тудыратын заттар табылды. Қылмыстық топ жетекшілерінен түзету мекемесінде байланыс құралдары мен әртүрлі сандарды көрсететін журналдар тәркіленді", – деп хабарлады ҰҚК.
Ұсталғандарға қатысты қажет тергеу әрекеттері жүргізілді. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр. Бұл арнайы операция мен оның нәтижелері туралы комитет 23 қыркүйекте баяндады. Сол күні ұстау сәттерінің кейбір кадрлары да жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін қарағанды облысында "қара риэлторлар" деп аталатын топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілгенін жаздық. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына адвокаттар, заңгерлер және нотариустар кірген. Олар заңсыз жолмен 14 пәтерді иемденіп алған. Пәтерсіз қалғандардың қатарында зейнеткерлер, ерекше қажеттігі бар жандар, алкогольге тәуелділер де бар. Қылмыстық топтың белсенді қатысушыларының бірі – деструктивті діни ағымды ұстанушы.