"Түннен бастап кезек күтіп тұр": Астана әкімдігі мектептің алдына адамдардың жаппай жиналуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Астана әкімдігі қаладағы мектептің алдында ата-аналар мен балалардың жаппай жиналуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің алдында ата-аналардың жиналып тұрғаны түсірілген видео тарады. Видеоға қатысты қалалық білім бөлімі мәлімдеме жасады.
Білім бөлімінің мәліметінше, 9 шілдеде "Жайлы мектептер" жобасы аясында салынған Төле би көшесінде ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешені) орналасқан №101 орта мектебіне құжаттар қабылдау басталған. Мектеп әлі пайдалануға берілмегендіктен, құжаттарды қабылдау №71 мектепте ашылған.
Астанада мұғалім мектептегі лифт шахтасына құлап кеткен (видео)
"Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданды, бұл кезектің пайда болуына әкелді. ЕGov электронды жүйесінде мектепке тіркелу үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. Қазір ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есе арттырылды. Сонымен қатар SmartNation құжат қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу жүргізіліп жатыр, ол 11 шілдеде жұмысын бастайды", – делінген ресми хабарламада.
Білім басқармасының мәліметінше, сегіз жаңа жайлы мектепке онлайн тіркелуге болады:
- № 104 орта мектеп, Орынбор көшесі және № 37 (SOHO тұрғын үй кешенінің ауданы);
- №103 орта мектеп, Мәңгілік Ел даңғылы және E 497 көшесі (Мешіт ауданы);
- №99 мектеп, Қабанбай батыр және Сығанақ қиылысы ("Поколение" тұрғын үй кешені);
- №101 мектеп, Төле би және Е758 көш. ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешені);
- №111 мектеп, Төле би - 24 көш. (солтүстік Барыс Арена);
- №106 мектеп, S-189 және 12-207 көш.
- №105 орта мектеп, Көктал, Ұлытау – Наурыз көшесі;
- №102 орта мектеп, А.Байтұрсынұлы, №9 құрылыс алаңы ("Highvill" тұрғын үй кешені).
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында 19 мектеп директорының жазаға тартылғаны туралы жазған едік.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
