“Туыстар арасында ешқандай шектеу жоқ”: Қаржы министрлігі мобильді аударымдарды тексеруге қатысты түсіндірді
Қаржы министрлігі Қазақстанда туыстар арасындағы мобильді ақша аударымдары бойынша ешқандай шектеу жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
"Туыстар арасындағы ақша аударымдарының көлеміне ешқандай шектеу жоқ. Бұл кәсіпкерлік деп қарастырылмайды. Бақылаудың жаңа түрлері бойынша біз үш айдың ішінде әртүрлі адамдардан түсетін аударымдар көлемін ғана қарастырамыз", – деді вице-министр.
Сондай-ақ, вице-министр мобильді аударымдардың еліміздегі көлеңкелі экономиканың көлемін арттырып отырғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін қаржы вице-министрі Қазақстандағы табысты декларациялау барысында жаппай рейдтер мен терсерулердің болмайтынын айтқан болатын.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан