Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айыппұл төлеуге дайынмын": Қазақстандық блогер Мұрат Әбділда соттан мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Сот абақтыдағы белгілі қазақстандық блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото otyrar.kz

Мұрат Әбділда өз кезегінде өкінетінін айтып, түзелуге уәде етті.

"Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын! Бұл енді қайталанбайды. Өзіммен жұмыс істеп, лайықты өмір салтын ұстанамын! Жаза шарттарын айыппұлға ауыстыруыңызды сұраймын, түгел төлеуге дайынмын", – деді Мұрат Әбділда.

Дегенмен прокурор соттан сотталушының өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Кеңесуден соң судья Талғат Қахаров өз шешімін шығарды.



"Сот арызды қанағаттандырудан бас тартады. Сотталушы бірнеше рет істі болды, оған түзетуге мүмкіндік берілді. Қойылған талаптан бас тартылады", – деп шешті сот.

Еске салсақ, 2022 жылы желіде блогер Мұрат Әбділда әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Талқылау