AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Мұрат Әбділданың не себепті сотталып кеткені белгілі болды

Таңғы бесте Instagram желісіндегі тікелей эфирге шығып, ойланбай сөйлеген блогер Мұрат Әбділда сотталып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап. 

Блогер Мұрат Әбділда мас күйінде қазақ руларының біріне тіл тигіземін деп, рулық алауыздықты қоздырғаны үшін өзінің өтелмеген соттылықтарына тағы да мерзім қосып алды. Ол бұдан бұрын екі рет ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша шартты мерзімдерге сотталған, бірақ бұл жолы сот оны қоғамнан 4 жыл 6 айға оқшаулау туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге оны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Түркістан облысы Оранғай ауылының 35 жастағы тұрғыны Мұрат Әбділлаев (шын аты-жөні) ақын және әнші ретінде көпшілікке танымал. Әлеуметтік желіде 40 мыңнан астам жазылушысы бар. Сот белгілеген II дәрежелі алкогольге тәуелділігіне қарамастан оның оқырмандар санының өсуі мүлде тоқтаған емес. 

Мұрат Әбділдә бұған дейін де бірнеше рет сотты болған және тура осындай әрекеті үшін тағы да жаза арқалап отыр екен. Атап айтқанда, 2019 жылы Кентау қалалық соты 3 жыл 6 айға бостандығын шектесе, 2021 жылғы 30 шілдеде дәл осы сот үкімімен 4 жылға бостандығы шектелген. Сонымен қатар ол Кентау қаласы қылмыстық атқару инспекциясының бақылауында болған. 



Үшінші ретінде намысым тапталды деген азамат полицейлерге өткен жылдың желтоқсан айында арыз түсіріпті.

Сот алғашқы екі соттылықты ескере отырып, оны 4 жыл 6 ай мерзімге түрмеге тоғытуға шешім қабылдапты. Сонымен қатар, алкогольден мәжбүрлеп емдетуге жіберген. Бұнымен қоса жәбірленушіге өтемақы ретінде айыппұл төлейді. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Жинақталған іс-құжаттардың негізінде қылмыстық іс 2022 жылдың 31 қаңтарында айыптау актісімен бірге Сауран аудандық прокуратурасына жолданған. Қоғамда алауыздық тудыратын әрекеттерін қоймай, өзгенің ар-намысына тиген орта жас шамасындағы тұрғынға 31 наурызда Түркістан қалалық сотының үкімімен 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", — деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр