Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туған жерімде өрт болып жатыр": Мақпал Жүнісова қарағандылықтарға қайғырып, көңіл айтты

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өртпен арпалысып жатқан қарағандылықтарға қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Өнер иесі Қарағанды облысындағы өрттің видеосын көріп, көңілі құлазып отырғанын жеткізді. 

“Туған жерімізде өрт болып жатыр екен. Егіндібұлақ пен Шөптікөл халқына Алла жар болсын! Марқұм болған бауырымыздың отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Иманы саламат болсын. Алла жәрдемші болсын, видеоны көріп, көңіл бұзылды", – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, Қарағанды ​​мен Павлодар облыстарындағы өрт аумағы он есе ұлғайды.

Министрлік мәліметінше, табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажет шаралар қабылданып жатыр. Өрт шыққан аймаққа жақын Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында жүр. Далалық өрт сөндіру штабтары жұмысын жалғастырып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша ашық аумақта ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кіру жолдарының болмауы өртті сөндіруді қиындатып отырған көрінеді. 

 

Талқылау