"Туған күнін күтіп жүрген": Алматыда жүк көлігі қағып кеткен 7 жасар Айзерені жерлеу рәсімі өтті
Алматыда 2 сәуірде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен қағып кетіп, көз жұмған 7 жасар Айзеренің жерлеу рәсімі өтті. Жақындарының айтуынша, балдырған өзінің 8-ге толатын туған күнін күтіп жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видео кадрларынан скрин
Алатау ауданында болған оқыс оқиғадан кейін желіде қызды жерлеу рәсімінің видеосы пайда болды.
Қыздың отбасы қайғылы оқиғаға автобус жүргізушісін кінәлап, жазалауды талап етті. Айтуларынша, бұл жағдай соның әрекеттерінен болып отыр.
"Автобус жүргізушісін жазалауға жұртшылықтың назарын аударғымыз келеді. Ол жол-көлік оқиғасын тудырды", – деді қайтыс болған қыздың ағасы.
Айзеренің ағасының айтуынша, ол үш аптадан кейін сегіз жасқа толар еді. Балдырған өзінің туған күнін күтіп жүрген.
Еске салсақ, Алматыда жүк көлігі жеті жасар қызды қағып кеткені туралы хабарлаған едік.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”