Алматыда Әл-Фараби даңғылында сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүрген азамат іздестіріліп жатыр
Желіде Әл-Фараби даңғылында сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүрген көліктің видеосы тарады. Ол үш есе тез айдап, қауіп тудырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видео кадрларынан скрин
Instagram кадрларында жүргізуші сағатына 80 шақырым жылдамдықпен шектелген ережені елемегені көрінеді.
Алматы қаласының полиция департаменті жүргізушіні іздеп жатқанын жеткізді.
"Жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген қасақана ереже бұзушы міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Алматы полициясы "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру туралы еске салады. Сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол көлік ережесін сақтауға шақырады", – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен