Туған қызын зорлап, жүкті еткен: Түркістан облысында ер адамға сот үкім шығарды
Түркістан облысында Сарыағаш ауданының тұрғыны екі жыл бойы туған қызын зорлап келгені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Әкесі қызы 14 жасқа келген кезде қорлық көрсетуін бастаған. Кейін оқушы жүкті болып қалады. Әкесі жазадан құтылудың амалын іздеп, ойынан оқиға ойлап табады. Қызын басқа қалаға колледжге оқуға жібереді. Сол жерде жас жігітпен танысып, содан жүкті болып қалған деп айтады.
Бұдан соң, жасөспірім шыдамай, барлық оқиғаны тәтесіне жайып салады.
Шошып кеткен туысы дереу бәрін жасөспірімнің анасына жеткізген. Кейіннен әйелдер полицияға шағым түсіреді.
Тергеу жүріп жатқанда жәбірленуші баласын босанады. ДНҚ сараптамасы күдіктінің нәрестенің әкесі екенін анықтап берді. Тіпті бұдан кейін де айыпталушы кінәсін мойындамаған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталған азамат аппеляцияға өтініш берген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар