"Туған анасынан да қорқады": Алматы облысының әкімі аштықтан азып кеткен 6 жасар баланың қазіргі жағдайын айтты
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданында аштықтан азып кеткен 6 жасар баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, алғашқы үш жылда баланың дамуы қалыпты. Уақыт өте дамуы қабілеті шектелген.
“Қазір ол емделіп жатыр. Біз жұмысты жалғастырамыз. Тұрмыс жағдайы нашар болды, үйдің іші әбден тозып кеткен, жағымсыз иіс жайлаған, оның үстіне мысықтар бар. Анасы балаға дұрыс қарамаған. Ол бейтаныс адамдардан ғана емес, туған анасынан да қорқады”, – деді әкім.
Еске салайық, рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде Іле ауданында аштықтан азып кеткен, сөйлемейтін, жүре алмайтын 6 жасар бала табылған еді. Бала екі еселенген пневмония диагнозымен аудандық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған еді.
Сондай-ақ Райымбек ауданында да үш балалы отбасы анықталды, олар да аштықтан зардап шеккен.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр