Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды
Илон Маск байлығы 400 миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның капиталы Дональд Трамптың АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін күрт өсті.
Масктың байлығын арттырған нәрсе – SpaceX компаниясының акцияларын сатқаны. Мәміле нәтижесінде Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша кәсіпкердің таза байлығы 439,2 миллиард долларға дейін өсті.
Илон Маск Дональд Трамптың сайлаудағы доноры және қолдаушысы болды. Саясаткердің жеңісінен кейін Tesla акциялары да 65% өсті, өйткені жаңадан сайланған президент өздігінен жүретін көліктерді енгізуді жеңілдетуге уәде берді.
Сонымен қатар кәсіпкер жаңадан құрылған мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру департаментінің басшысы қызметін атқарады.
Маск бұрынғы рекорды 2021 жылы қойылған. Содан кейін оның байлығы 300 миллиард доллардан асты.
Айта кетейік, бұған дейін Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, әлемдік миллиардерлер тізімінде бірінші орынды 235 миллиард доллар байлығымен бизнесмен Илон Маск иеленген еді.