Трамп Токаевқа жеделхат жолдады
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың Тоқаевтың атына жолдаған жеделхаты Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған.
Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша халқымызды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.
"Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – делінген АҚШ президентінің жеделхатында.