Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп сайлауда алаяқтық орын алғаны үшін Жоғары сотқа жүгінетінін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда алаяқтық орын алғанын жариялады. Бұл туралы CNN тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трампРеспубликашыл Трамп Флорида, Огайо, Техас, Солтүстік Каролина және Джорджия сияқты бірнеше штаттардағы дауыс саны бойынша алда келе жатқанын мәлімдеді. Бірақ "бір шикіліктің" болғанына сенімді. Трамптың айтуынша, демократиялық партия мүшелері оны жеңуге жол бермеу үшін алаяқтыққа барған.

Трамп сайлау қорытындылары туралы мәселені шешу үшін Жоғарғы сотқа баруға дайын екенін атап өтті. Ол өзіне дауыс берген сайлаушыларына, отбасы мүшелеріне және әріптестеріне алғыс айтуды ұмытпады.



3 қарашада АҚШ-та жалпы сайлау күні өтті. Қазіргі мемлекет басшысы, республикашыл Дональд Трамп және Барак Обаманың жанындағы вице-президент қызметін атқарған демократ Джо Байден жоғары лауазым үшін күреске түсіп жатыр. Сайлаудың алғашқы нәтижелері белгілі болған еді. 

Талқылау