Соңғы жаңалықтар

Трамп Боратты оңбаған санайтынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп "Борат" жалған деректі фильмінде қазақстандық репортер Борат Сағдиевтің рөлімен танымал британдық комедиялық актер Саша Барон Коэнді сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеп. 

 

Трамп осыдан 15 жыл бұрын комиктің алдамақшы болғанын есіне түсірді. Бірақ америқалық көшбасшы түсіп жатқан шоудың өтірік екенін сезіп, одан әрі түсірілімнен бас тартыпты. Associated Press мәліметінше, 2003 жылы Трамп Коэн жүргізген "Али Джи шоуының" сатиралық бағдарламасында түскен. Бірақ ол шоу басталғаннан бір минут өткен соң актермен сұхбаттан кетіп қалған.


"Өтірікші жігіт. Мен оны күлкілі деп санамаймын", - деген ақ үй басшысы Коэнді оңбаған атады. 

Бұған жауап ретінде актер президентке жаңа фильмді тегін жарнамалағаны үшін алғыс айтты.

"Мен сені де күлкілі деп санамаймын. Бірақ бүкіл әлем сізге күледі. Мен әрқашан нәсілшіл әзілдерді ойнайтын адамдарды іздеймін, сізге 20 қаңтардан кейін жұмыс қажет болады", - деп жазды ол Twitter-де.

Айта кетейік, "Борат-2" фильмінің премьерасы 23 қазанда Amazon Prime-да өтті. Бұған қазақстандықтар наразылық танытып, петиция жариялады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр