Трамп сайлауда алаяқтық орын алғаны үшін Жоғары сотқа жүгінетінін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда алаяқтық орын алғанын жариялады. Бұл туралы CNN тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Трамп сайлау қорытындылары туралы мәселені шешу үшін Жоғарғы сотқа баруға дайын екенін атап өтті. Ол өзіне дауыс берген сайлаушыларына, отбасы мүшелеріне және әріптестеріне алғыс айтуды ұмытпады.
- Желі қолданушылары шымкенттік ұйымды Трамптың логотипін ұрлаған деп айыптауда
- Трамп Боратты оңбаған санайтынын айтты
- "Американы Қазақстан қызықтырмайды": Сарапшылар АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі елімізге қалай әсер ететіні жайлы айтты
3 қарашада АҚШ-та жалпы сайлау күні өтті. Қазіргі мемлекет басшысы, республикашыл Дональд Трамп және Барак Обаманың жанындағы вице-президент қызметін атқарған демократ Джо Байден жоғары лауазым үшін күреске түсіп жатыр. Сайлаудың алғашқы нәтижелері белгілі болған еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты