Трамп Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер болуға келісті
Дональд Трамп қарашада өтетін сайлауда Республикалық партиядан Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткер болуға келісімін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Radiosputnik.ru
18 шілдеде Трамп Висконсин штатының Милуоки қаласында өткен Республикалық партияның ұлттық құрылтайында сөз сөйледі.
"Мен Американың жартысы емес, бүкіл Америка бойынша президенттікке үміткермін. Себебі Американың жартысы үшін жеңіске жету мүмкін емес. Сондықтан бүгін сіздердің ұсыныстарыңызды зор құрмет әрі мақтанышпен қабылдаймын. Рақмет”, – деді Трамп.
15 шілдеде Милуокиде Республикалық партияның құрылтайы басталды. Бірінші күні 50 штат пен Колумбия округінің делегаттары алдағы төрт жылға арналған сайлауалды тұғырнамасын бекітті. Трамп пен Огайо штатының сенаторы Джеймс Дэвид Вэнсті партияның президенттігіне және вице-президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Вэнс 17 шілдеде миллиардердің серіктесі болуға келісті.
Айта кетейік, бұған дейін Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған еді. Федералды тергеу бюросы хабарлаған 20 жастағы Томас Мэттью Крукс есімді күдікті науқан өткізілген аумақтан жүз метрдей жерде орналасқан үйдің шатырынан АР-15 жартылай автоматынан оқ атқан. Атыс нәтижесінде митингке келушілердің бірі қаза тауып, тағы екеуі жараланған.