"Тозаққа түстім": Әсел Сәдуақасова 1 сағат бойы шегенің үстінде тұрды
Әсел Сәдуақасова 1 сағат бойы шегенің үстінде тұрып, елді таңғалдырды. Танымал актриса мұндай қадамға ішкі қорқыныштары мен блоктардан арылу үшін барған деп жазады Stan.kz.
"Кеше қатты қарсыластым, бойымды қорқыныш пен үрей биледі, тіпті мұрным бітіп, тамағым ауыра бастады.
Таңертең келмейтін шығармын деп хабарластым. Бірақ ішкі даусым "бар, бұл саған керек" деп қоймады. Қорқынышымнан аттап, бардым", – дейді Әсел.
Белгіленген орынға келген кезде Әселдің қорқынышы үдей түскен.
"Әсіресе ұстаздарым процес кезінде қандай блоктар, қорқыныштар мен қысымдар кететінін және оның қалыпты екенін айтқан кезде қорқынышым үдей түсті. Қашып кетуді ойладым.
Оның алдында шегенің үстінде тұра алсақ, мына Әлемнен не қалайтынымызды жаздық. Содан кейін талпыныс пайда болды. Үшке дейін санап, демді шығарған кезде шегеге тұрдық", – деп еске алады Әсел.
Актриса алғашқы 5 минутта тозаққа түскенін айтады. Жанындағы жолдастары миды алдауды үйреткен соң, басылғанын айтады.
"Ауру туралы ойдан аулақ болу үшін неше түрліні ойладық. Аллилуя! Ауру басылып, медитация жасадық. Жыладым, күлдім, биледім және Жаратқанға көп алғыс айттым. Уақыттың қалай өткенін байқамай қалдым.
"Жақсы сақталдым": 47 жастағы Баян Алагөзова бояусыз түрін көрсетті
Бір сағатқа жуық тұрыппын. Шынымды айтсам, әрі қарай да тұра берер едім", – деп ағынан жарылды кино жұлдызы.
Әсел мұндай тәжірибеден кейін өзіне деген сенімділігі артқанын жасырмайды. Тіпті бұл процедурадан әрбір адам өтуге міндетті, деп кесіп айтты ол.
"Мен сияқты қорқақ қыздың қолынан келсе, бәрі тұра алады. Айтпақшы, ауру содан кейін ізім-ғайып жоқ болды. Ғажап", – деп бөлісті Сәдуақасова.