Тойханаға түйе кіргізгендер жұртты шошытты
Әлеуметтік желіде тойханаға түйе кіргізгендердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Скриншот: https://www.instagram.com/p/C1-J-EIM_sO/
Кадрдан белгісіз ер адам түйені баспалдақтан жетектеп түсіп келе жатқанын байқауға болады.
“Жарықтық, не көрмедік тойда, ат, көлік, міне түйе, енді піл, сонымен тренд аяқталар", – делінген видеожазбада.
Желі қолданушылары түйе кіргізген той иелерін сынап жатыр.
“Айыппұл салып, басқаларына сабақ болуы керек”, “Мақтаншақ адамның әрекеті”, “Қазір ештеңеге таңғалмайтын болдық”, “Дарақылыққа жол болсын”, “Малды қорлады-ау” деген негатив пікір жазылып жатыр.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген