"Тойға дайындық": Шымкентте жас жұбайлар карантин кезінде фотосессия ұйымдастырды
Шымкенттік жас жұбайлар карантинге қарамастан саябақта фотосессия ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жас жұбайлардың дендросаябақта серуендеп жүрген видеосы тарады.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жас жұбайлардың жеке басын анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді. Олар өз әрекетін тойдың алдындағы дайындық деп түсіндірген. Жастар арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген. Салтанатты шараның өзін карантиндік режим аяқталған соң өткізуді жоспарлап отыр.
Алайда, карантин режимі кезінде қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және бетперде тақпағаны үшін полиция қызметкерлері олардан түсініктеме алды.
"Жиналған әкімшілік материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке тиісті шешім қабылдау үшін жіберіледі", - деп түсіндірді Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ауған қараторғайлары торғайларды ығыстырып жатыр ма: Орнитолог құстар санының өзгеруіне не әсер ететінін айтты
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді