Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Министрдің айтуынша, су тасқыны кезеңдері оның жеке бақылауында.
"Кешеден бері Арқалық қаласының іргесіндегі қыстаулардан тұрғындар эвакуацияланды. Жұмысқа төтенше жағдайлар министрлігі мен қорғаныс министрлігінің ұшақтары жұмылдырылды. Су тасқынын жою және адамдарды құтқару жөнінде толық ақпарат береміз. Біздің Telegram-арнамызда тәулік бойы жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы биліктің хабарлауынша, келтірілген шығын мен оның орнын толтыру жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Әрінов.
Еске салсақ, Орал қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық