Төтенше жағдайлар министрі Қазақстандағы табиғи өрттің шығу себептерін айтты
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда қыркүйектің басында болған дала өртінің себептерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мүмкін себептердің бірі ретінде Ильин елдегі ауа райы құбылыстарын атады. Алайда министр адами факторларды да жоққа шығармады.
"Жаз мезгілінде жауын-шашынның едәуір көп мөлшерде жаууы, шөптің өсуіне ықпал етті. Оған қоса, жаздың соңғы күндері, күздің басындағы құрғақшылық кезеңімен тұспа тұс келіп, күрт жылыну әсер етті. Оған қоса адами фактор да рөл ойнады. Мен қасақана өртеу туралы айтып отырған жоқпын. Бұл прокуратура мен тергеу органдарының ісі. Адами фактор деп отырғаным - табиғатқа жиі шығып, қоқыс тастаймыз, бұл өртке ықпал етеді.
Біз Қостанайда найзағай разряды сияқты табиғи құбылысты бірден жоққа шығардық. Сондықтан тергеу органдары адам факторының болуы нұсқасын қарастыруда. Бұл қасақана жасалды ма, абайсызда болды ма, тергеу анықтайды", - деді Юрий Ильин.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның көптеген өңірлерінде өрт шыққан болатын.