AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төтенше жағдай жариялайтын уақыт жетті": Батыс Қазақстанның тұрғындары киіктердің саны күрт өскеніне наразы

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер санының қарқынды өсуі проблемаға айналды. Бүгінгі таңда олардың аймақтағы саны 1 миллионнан асқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” басылымына сілтеме жасап.

Тұяқтылар дақылдарға зиян келтіреді, бірақ шаруаларға жануарларды атуға рұқсат жоқ, сол үшін тек қуумен шектеледі.

Ал өңірдегі "Охотзоопром" қорықшыларының штаты небары 57 адамды құрайды.

"Төтенше жағдай режимін жариялау керек. Далада киіктің өлі денелері өте көп. Қазір оларға назар аудармаймыз, бірақ болашақта бұл үлкен проблемаға айналуы мүмкін", – дейді Жәнібек ауданының фермері.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтың айтуынша, киіктердің ағымдағы саны ғалымдар анықтаған табиғи мөлшерден төрт есе көп. Жергілікті билік ақбөкенді коммерциялық мақсатта пайдалану мәселесін қарастыруда.

"Ғалымдардың есептеуінше, Орал киіктерінің саны 250 мыңға жуық болуы керек, кеңес заманында ең көп дегенде, 300 мыңға жуық болды. Сол кезде дүкен сөрелерінде ақбөкен еті болды. Қазір де бұл мәселе шешілуде: киіктердің еті өңделіп, одан консервілер жасалады. Екі компаниямен келіссөздер жүргізілуде", - деді Өтеғұлов.

Экология министрлігі ақбөкендердің туылу маусымында өлім-жітімінің артуы қалыпты құбылыс екенін атап өтті. Егістіктен алынған өлекселер мал қорымына ауыстырылды.

Облыстық әкімшіліктің хабарлауынша, "киік мәселесі" бойынша Үкімет қаулысы дайындалып жатыр. Құжатта киік популяциясын азайтудың мүмкін жолдары және шаруаларға келтірілген залалды өтеу әдістемесі жазылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр