Алматыда суға құлап кеткен баланы құтқарған жігіт медальмен марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі 27 қазанда Алматыда баланы судан құтқарып қалған қызылордалық Әлихан Жақсылықты марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен 27 қазанда Алматыда баланың өмірін судан құтқарып, батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорданың тумасы Әлихан Жақсылық "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Марапатты ТЖ министрінің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады.
"Шұғыл іс-әрекетіңіздің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, баланың өмірін құтқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз", – деді ТЖД басшысы.
25 жастағы құтқарушы 27 қазанда Есентай өзені Мақатаев көшесінің қиылысындағы жағалауында келе жатқанда балалардың көмек сұрап, айқайлағанын естіді. Ол 14:00 шамасында Қызылордадан Алматыға жалға алатын пәтер іздеп келген.
Еске салайық, күні кеше әлеуметтік желіде өзенге құлаған баланы құтқарып қалған жігіттің видеосы тараған еді.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады