"Төсекке адам секіргендей болды": Каспийде болған жер сілкінісі ақтаулықтарды шошытты
Каспий теңізінде магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі сезілген. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Әзірбайжанның Хачмаз облысынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде, 35 шақырым тереңдікте болған.

Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындары әлеуметтік желіде өздері байқаған дүмпулер туралы хабарлады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерде тұратын кейбір ақтаулықтар алғашқы дүмпулерден кейін пәтерлерін тастап кеткен.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”