"Төрт ұлдан кейінгі жалғыз қыз": Ернар Айдар қарындасын ұзатпақ
Ернар Айдар шаңырағындағы қуанышты хабармен бөлісті. Әнші жалғыз қарындасын ұзататынын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жол мұраты жету - қыз мұраты кету. Төрт ұлдан кейінгі жалғыз қыз, Жазира қарындасыма бүгін сырға салынды. Алла қаласа бұл бастамасы, үлкен той алда!
Сен ұяңнан ұшатұғын кезде мен.
Күйге түстім бұрын соңды сезбеген.
Қарындасым жүректегі сезімді,
Жеткізе алмай қиналдым ау сөзбенен.
Жазока, жаным, бақытты болыңдар. Алла тіл-көзден сақтасын, бар жақсылықты тілеймін", - деп тілек білдірді әнші қарындасына.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"