"Төрт баласын құрбысына тастап кеткен": Желіде семейлік балалар түсірілген видео пайда болды (видео)
Желіде аналары тиісті бақылаусыз қалдырып кеткен семейлік балалар түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Қала тұрғыны Ержан Амарханов мәселеге назар аударды. Ер адам төрт баланы видеоға түсіріп алған. Бәрі жылап отыр. Үлкен баласы көз жасын сүртіп, тізесінде ұйықтап жатқан сәбиді құшақтайды.
"Анасы балаларын құрбысына тастап, бес күнге Алматыға кеткен. Тұрмыстық жағдай жасалмаған. Көршілері маған телефон соғып, көмек сұрады. Балалары кешке дейін көшеде жалаңаш жүгіріп жүр", - деп жазды автор.
Амархановтың айтуынша, ол прокуратураға хабарласып, балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілген, олар ата-анасының қайтып келуін күтетін болады. Бейнежазба авторы өз оқырмандарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.
Аталған оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, балалардың анасының қарауынсыз қалғанын растады.
"1993 жылы туған М. есімді азаматшаның қамқорлығында кәмелетке толмаған төрт баласы бар. Ол 2000 жылы туған құрбысы А.мен бірге тұрады, оның да қамқорлығында кәмелетке толмаған қызы бар. Бұл жалдамалы үй, төрт бөлмелі. Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Төрт баланың заңды өкілдерінсіз қалуына байланысты, олар әкесі келгенше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды", - деді полиция.
Ведомствоның хабарлауынша, балалар қазір заңды әкесінің қасында. Ал, олардың анасы мен құрбысы өз міндеттерін орындамаған ата-ана ретінде профилактикалық бақылауға алынады.
@yerzhorp19h ♬ оригинальный звук - Ержан Амарханов