Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт адам жабылды": Ақтөбелік кәсіпкерден белгісіз біреулер 3 млн теңгеге жуық ақша бопсалаған

Ақтөбелік кәсіпкерден белгісіз біреулер 3 миллион теңгеге жуық ақша бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкер полицияға жүгінген. Алдымен қылмыскерлер кәсіпкерден күштеп 400 мың теңге алып, кейін 2,5 миллион теңге талап еткен.

"Полиция бөліміне 37 жастағы кәсіпкер белгісіз біреулер одан ірі көлемде ақша бопсалағаны туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Есет-Батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам күш қолдану арқылы 400 000 теңге көлеміндегі қаражатты тартып алып, одан кейін 2 500 000 теңге бопсалаған. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ол үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. .

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр