Төрт адам көз жұмды: Қызылордада жантүршігерлік жол апаты орын алды
Қызылорда облысы Арал ауданы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" күре жолының бойында ауыр автокөлігі мен жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты түн мезгілінде орын алған. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" күре жолының 1466 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Аталмыш жол апатына байланысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза болған, тағы бір азамат дәрігерлердің бақылауында", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды