Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Торпақ: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Торпақтар еркіндікті сүйеді және мінезі жайлы келеді. Олар бойындағы күш-қуатқа қарамастан, оны пайдалануға асықпай, анағұрлым қолайлы сәттің туындағанын күтеді. Алайда көп жағдайда қолайлы сәтті жіберіп алады. Торпақтардың өміріндегі табыстың кілті – жолы болғыштық емес, табанды еңбек және тұрақтылық.

Торпақ: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Торпақтар шешім қабылдағанда да, әрекет еткенде де асығыстық танытпайды. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдері өзгелердің әсеріне берілмейді. Алайда кейде өзгелердің пікірін өзінікіне балайды. 

Әдетте Торпақтар – өте мейірімді. Алайда мейрімділігін дұрыс көрсете алмайды, сонымен қатар шектен тыс өжет. Оған қоса кейде өзгелерге өз пікірін таңуда бірбеткейлік танытып, өзгелерді өзінен үлгі алуға шақырып, адамдарға ықпал етудің өзге жолын ойламайды. Торпақтар өтірікті жек көреді, алайда кейде өздері де өтірік айтады және адамдарды соған сендіре алады.  

Торпақтар айналасындағылардың құрметі мен қошеметіне бөленуге ұмтылады. Сондықтан киіміне аса мән беріп, шынайы беделіне қарамастан, өзін жетістікке жеткен адам сияқты көрсетуге тырысады. 

Торпақтар өз мақсаттары мен жақсы көретін заттарына тұрақты. Олар ойға алған ісін жүзеге асыруды кейінгі қалдырғанымен, ол туралы ешқашан ұмытпайды. Әдетте Торпақтар жас кезінде жақсы дос табады және достығы өмір бойы ажырамайды. 

Әдетте Торпақтарға қатыгездік пен кекшілдік тән емес. Алайда олар өзін алдап, сатқындық жасағандарды кешірмейді. Сонымен қатар ұзақ өкпелеп жүреді. 

Торпақ-әйелдердің рухы мықты болғанымен, олар өзін нәзік әрі жұмсақ көрсетеді. Оларға озбыр бірбеткейлік емес, нәзік қайсарлық тән. Олар өзінің тамаша жан екенін білсе де, мұны дәлелдеуге тырыспайды. Себебі мұның өздігінен белгілі болатын сәті туатынына толықтай сеніп, сабырмен күтеді. 

Торпақ-ерлердің бойында сабырлылық, даналық және сезімталдық ерекше үйлесім тапқан. Олар отбасында басымдық танытуға бейім. Қызметінде басшына оңай бағынғанымен, үйде жұбайының өтініштерін елемей, қырсықтық танытады. 

Торпақтардың негізгі қасиеттері – төзімділік, сабырлылық және аздаған енжарлық. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдері тағдырдың сәтсіздіктерін мойымайды және жолынан айнмайжы. Оларды ойға алғанынан айнытып, райынан қайтару мүмкін екес. 

Торпақтар қолында барды бағалай біледі және жақындарымен қарым-қатынаста өздерін жиі өзімшіл ретінде көрсетеді. Бұл жұлдыз белгісінде туылған адамдар жақсы дос бола алады, алайда ертелі-кеш өзінің жалғыз ғана дос болғанын қалайтын болады. Торпақтар аз сөйлейді, тек жақындарымен ғана ашылып сөйлесе алады. Ал әзілдейтін кездері, тіпті, сирек. 

Торпақтар даулы жағдайларда келісімге келіп, жеңілуді білмейді, сондықтан соңына дейін өз дегенінен танбайды. Тіпті, жеңілген жағдайда да өз пікірінде қалады. 

Торпақтардың сабырсыздық танытатын кездері сирек, алайда ашуға бой алдырса, бәрін қопарып тастауға дайын. Олар өзін қолда ұстап, басуды білмейді және ашуында шек жоқ. 

Торпақтар демалғанның орнына жұмыс істегенді құп көреді. Сонымен қатар оларға өзінің үйі өте маңызды. Олар үйінің қала сыртында болғанын, ұқыпты әрі жайлы бау-бақшамен қоршалғанын қалайды. 

Талқылау