Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төреғалидікі – шоу, Әлиде бір ғана кемшілік бар": Сазгер Қалдыбек Құрманәлі жас әншілер туралы айтты

Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі қазақ эстрадасында жүрген әншілер туралы айтты. Жол ережесін бұзған Төреғали Төреәлі мен “Құрмет” орденін алып, сынға қалған Әли Оқаповқа ерекше тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Сұрауы бар” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соңғы кезде композитор қоғамда болып жатқан мәселелерге бейжай қарамай, өткір пікір білдіріп отырады. 

“Алдымен Төреғали туралы айтайын. Оның әрекеті шоуға көбірек келетін сияқты. Әдейі ұйымдастырылып қойған ба, түсінбей қалдық. Өткенде бір демалыс аймағына барып, бір баланы ұрғаны туралы да шу шықты. Шоу сияқты көрініп қалғанға ұқсайды. Одан кейін көше сыпырып жүрді. Оны да түсінбедім. Көзбен көрмегесін бірдеңе деп айта алмайсың. Қызықтап сұраған да жоқпын. Маған керек емес шаруа. Төреғалидікі “халық ұмытпасын, тойға шақыра берсе екен” деп жүрген адамның тірлігі сияқты көрінеді”, – дейді сазгер. 

Сондай-ақ атақ алып басы дауға қалған Әли туралы да айтты. 

“Енді Роза Рымбаеваның баласы туралы айтайын. Ол таза кәсіби музыкант. Жастар арасында беделі күшті жігіт. “Құрмет” орденінен гөрі “Еңбек сіңірген қайраткерге” лайық адам. Туғанынан бастап, музыкамен ғана айналысып келе жатыр. Қай жерде музыкалық білім бар, бәрін оқып тауысқан адам. Өнердің майын ішкен. Бір ғана кемшілігі – Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның баласы. Атақты адамның баласы болу – ең қиыны. Атақты адам болып жүрген оңай. Әлидің анасы “Халық әртісі” атағын 29 жасында алған. Өнер адамы ретінде айтарым, Әли – кәсіби музыкант. Оған атақтың да керегі жоқ. Билік ұсынды, ол бас тартқан жоқ. Оның түбіне жеткен – қазақтың көреалмаушылығы”, – дейді композитор. 

Айта кетейік, композитор өнердегі әпкесі Мәдина Ералиева туралы айқан болатын.

 

Талқылау