Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Путинді күтіп алды: Екі ел басшылары келіссөзді бастады

Астанада Ресей президенті Владимир Путинді қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметі Тәуелсіздік сарайында өткен рәсімді тікелей эфирде көрсетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.
Екі мемлекет басшысы өз делегацияларын таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Содан кейін екі ел президентінің кеңейтілген құрамдағы келіссөзі басталды.
Еске салсақ, Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген еді.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді