Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Тоқаев кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
“Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!” – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, бұған дейін танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонова әкесі Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Шавкат Рахмоновтың өзі отбасындағы қайғылы жағдайға қатысты көпшілік алдында пікір білдірмеді.
Еске салсақ, 2026 жылдың ақпанында аяғына ота жасатқан Шавкат Рахмоновты UFC рейтингтен алып тастағаны туралы жазған едік.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”