Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан сыйға тартқан жаңа мешітті аралады

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға барды. Осы тұста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Перзиденттер мешітке келгенде құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.
“Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.
Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған. Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.
ОқыңызҒибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар”, – делінген Ақорда хабарламасында.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті