Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев екі министрді өз лауазымында қалдырды

министрлер
Фото: Коллаж Stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрін өз лауазымында қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент қол қойған жарлықты Ақорда мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қорғаныс министрі ал Ержан Сапарбекұлы Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Қорғаныс министрі туралы не белгілі?

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметіне былтыр 8 маусымда тағайындалған еді. 

Ол 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;

Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;

Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;

2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы;

2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).

Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.

Марапаттары: I және II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын" ордендері, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар.

Ержан Сәденов туралы не белгілі?

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған. 

Арнайы атағы – полиция генерал-лейтенанты

1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы – ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған

I дәрежелі “Даңқ” (2026), I (2024) және II дәрежелі (2018) "Айбын" ордендерімен марапатталған. 

1993-2009 жылдары ШҚО Ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.

2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облысы және Нұрсұлтан қ. Көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында еңбек етті.

2022-2023 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 09:12