Тоқаев Бішкектегі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтеді.

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.
Еске салсақ, 2024 жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлдемен жалпы командалық есепте бірінші орын алған еді.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді