Тоқаев АҚШ пен Иран қабылдаған бейбіт келісімді құптады

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қабылдаған келісімді құптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы халықаралық ахуал күрделі кезде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор екенін айтты.
“Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады, – деп жазды президент.
Бұған дейін АҚШ пен Иран келісімге келгенін мәлімдеп, Женевада мәмілеге қол қойылатынын хабарлады. Пәкістан АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келгенін, сондай-ақ Ливанда атысты тоқтату туралы уағдаластық жасалғанын мәлімдеді. Ал Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қайта жанданатынын және Иранға қарсы теңіз блокадасының тоқтатылатынын жария етті.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Оқыңыз