Аббас Аракчи ұрыс алаңында Иранның АҚШ-ты жеңгенін мәлімдеді

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-пен болған қақтығыста Иран жеңіске жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеранның артықшылықтары бар және қазіргі сәт – ең қолайлы уақыт. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі PressTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аббас Аракчи бұл қақтығыста нағыз жеңімпаз Иран халқы екенін атап өтті.
“Ұрыс алаңындағы жеңісті келісім жасау арқылы бекіту қажет. Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы келісімде теңіз қатынасына қатысты ережелер бар. Меморандум теңіздегі блокаданы алып тастау және Ормуз бұғазы мәселесі туралы", – деді дипломат Иран теледидарындағы эфирде.
Министрдің сөзінше, енді Ормуз бұғазын басқару бұрынғыдан өзгеше болады.
“Бұғаз Оман және Иранның бақылауында. Бұған дейін екі ел бұғазда тегін қызмет көрсетіп келген. Біз Оманмен Ормуз бұғазын басқару мәселесі бойынша оң келіссөздер жүргіздік. Ормуз бұғазының үстінде біздің қылышымыз тұрады”, – деді Аббас Аракчи.
Бұл келісімнің алғашқы кезеңі болмақ, онда тараптар елді қалпына келтіру және экономикалық дамыту мәселелері бойынша да келісім жасайды. Аббас Аракчидің айтуынша, құжат Иран активтерін бұғаттан босату тетігін және Ислам Республикасына өтемақы төлеудің экономикалық жоспарын айқындайды.
ОқыңызБұдан кейін түпкілікті келісімге қол жеткізу жоспарланған. Онда ядролық мәселе мен санкцияларды алып тастау қарастырылады. Сонымен бірге, Иран жоғары байытылған уран мәселесі өз аумағында шешілуі тиіс екенін талап етіп отыр деп атап өтті министр.
"60 пайызға дейін байытылған уран мәселесі бұрыннан маңызды тақырып. Біздің көзқарасымыз бойынша, оны төмендетудің жалғыз жолы оны Иранның өз ішінде азайту", - деп түсіндірді ол.
Тараптар сондай-ақ бір-бірінің ішкі істеріне араласпау және әскери күш қолданудан бас тарту жөнінде міндеттемелер қабылдауы мүмкін.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Иранды реттеу үдерісін созып жатыр деп айыптаған еді. Ал түнде АҚШ елдің оңтүстігіне соққы жасады. Президент қарсыласын мәмілеге келмеген жағдайда толық күйретемін деп қорқытты.
Бұған жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолды толық жауып, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл операциясының алғашқы кезеңі басталғанын жариялады.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады