Тоңазытқыштың есігімен тұншықтырылған ит Қазақстаннан Америкаға ұшып кетті
Атырау облысында ер адам тоңазытқыш есігімен тұншықтырған Лаки есімді ит Америка Құрама Штаттарына ұшып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Атыраудағы "Мейірімді жүрек" қайырымдылық ұйымының жетекшісі Венера Манасова айтты.
"Бүгін Лаки түнгі сағат үште Амстердам рейсі арқылы ұшып кетті. Ол Калифорнияға трансфермен бара жатыр. Оның жанында сол жерде тұратын шетелдік азамат бар. Лакидің жаңа иесінің есімі - Элин. Жаңа иесі итті алуға рұқсатты жаздан бері күткен. Қазір Лакидің жаңа иесінен жаңалық күтіп отырмыз. Жеткеннен кейін олар бізге хабар берулері керек", - деді Манасова.
Еске сала кетейік, Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған ер адам видеосы желіде тарап, ол ұсталды. Кейін ол мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірді. Зооқорғаушылар болса итті тексеріп, оның жағдайын анықтады.
Итте дене жарақатының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған еді.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
