Қазақстанға шетелден алма импорттауға тыйым салу жоспарланып отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға алма әкелуге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның жобасына сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында елге алма импорттауға шектеу енгізу қарастырылып жатыр. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Егер құжат қабылданса, тыйым автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы жеткізілетін өнімдерге қатысты болады. Шектеу ЕАЭО елдері мен үшінші мемлекеттерден келетін импортқа да қолданылады. Алайда Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға бұл талап жүрмейді.
Министрлікте бұл шара отандық өндірушілерді қолдап, олардың өнімін тұрақты өткізуге жағдай жасау мақсатында енгізіліп отырғанын түсіндірді.
Жоба 2026 жылғы 5 маусымдағы Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі негізінде әзірленген. Қоғамдық талқылау 8 шілдеге дейін жалғасады. Егер құжат бекітілсе, тыйым 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
Оқыңыз